Спорт • 17 Наурыз, 2022

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Тайландта Азия кубогінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты

Бұл күндері Пхукетте садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық садақ түрінен командалық жарыстың финалына шықты. Отандастарымыз финалда Үндістан құрамасымен кездеседі.

Қазақстан құрамасы сапынан Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Дәулеткелді Жаңбырбай бақ сынап жатыр.

Айта кетейік, финалдық бәсеке 19 наурыз күні өтеді.