«Қазақавтожол» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, шектеулер Қазақстанның батысындағы автожолдарға қатысты.
«16 наурызда елорда уақыты бойынша сағат 01:05-те Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жел, бұрқасын, көрінуді шектеу) Самара – Шымкент автожолында Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы учаскесінің 394-526 км-де автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», делінген «Қазақавтожол» хабарламасында.
Ақтөбе облысында да БҚО шекарасы мен Маржанбұлақ ауылына дейінгі автожол учаскесінің 526-703 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.