Жеңіл атлетика • 15 Наурыз, 2022

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 18-20 наурыз аралығында Белград қаласында (Сербия) жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанды

«Алдағы әлем чемпионатына қатысатын барлық спортшылар оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Соңғы екі айда ел ішінде жарыстар өтіп, олардың көрсеткіштерін, техникасын және физикалық көрсеткіштерін жақсартуға практикалық мүмкіндік берді.

Төрт спортшы әлемдік бәсекеде қатысуға мүмкіндік алды. Олар: Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру). Дегенмен, Ольга Сафроновадан басқалары чемпионатта бақ сынайды. Ол бапкелер шешімімен жазғы жарыс маусымына, атап айтқанда Азия ойындары мен Орегондағы әлем чемпионатына қатысу үшін дайындығын пысықтайды», деді бас бапкер Дмитрий Карпов.

Айта кетсек, бүгінде жеңіл атлетикадан ел құрамасы Белградқа аттанды. Қазақстан сапынан бірінші болып жарыс жолына Михаил Литвин шығады. 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше