Қоғам • 14 Наурыз, 2022

Қаңтар оқиғасы: Қайтыс болғандардың тізімі қашан жарияланады

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың тізімі неге жарияланбай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Қайтыс болғандардың тізімі қашан жарияланады

«Құрбан болғандардың тізімін біз ресми түрде жариялаған жоқпыз. Оны жариялаудың алдында құрбан болғандардың әке-шешелері мен туысқандарына қосымша қайғы әкелеміз деп ойлаймыз», деді Бас прокурор Мәжілістің жалпы отырысында қойылған сұрақтарға берген жауабында.

Сондай-ақ ол оқиға кезінде мерт болғандардың қандай санататқа жататыны анықталатынын айтты.

«Ал енді 230 адам мерт болды деп айтып кеттік. Осылардың істері бойынша көптеген істер қозғадық. Адам өлу фактілері бойынша 94 факт, терроризм фактілері бойынша 46 іс қозғалды. Тергеу кезінде біз мән-жайдың бәрін тексеріп, қанша террорист, оның кім екенін, кімнің шабуыл жасаушы, кімнің бейбіт тұрғын екенін тексеріс арқылы шешім қабылдап, өзіңізге баяндаймыз», деді Берік Асылов.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қайтыс болғандардың тізімін жариялауға тергеу амалдарының шектеулерінің әсері бар-жоғын сұрады.

«Шектеулер бар. Кімнің кім екені тергеулер кезінде зерделенеді. Соның бәрі анықталғаннан кейін біз оны жариялай аламыз», деді Бас прокурор.