Спорт • 12 Наурыз, 2022

Александр Герлиц шаңғы жарысында 5-орынға ие болды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Александр Герлиц 2022 жылғы қысқы Паралимпиада жарыстарындағы ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Герлиц шаңғы жарысында 5-орынға ие болды

Фото: www.paralympic.kz

Александр Герлиц үшін қысқы Паралимпиада-2022-дегі бұл бақ сынаған соңғы жеке жарысы болды.

Паралимпиадада биатлоннан қола медаль иеленген қазақстандық Александр Герлиц шаңғы жарысында өз жетістігін қайталау үшін бар күшін салды, алайда ол құрметті 5-орынға ие болды.