 
                                        Клуб басшылары ойға алған жобаны жаңаша құруға ниеттеніп отыр. Сол үшін де команда жетекшілері Неймарды командадан аластатуға дайын. Біріншіден, бразилиялық футболшының ойыны клуб қожайындарының көңілінен шықпайды. Екіншіден, футболшының түнгі ойын-сауық кештерінен жиі табылатыны да ұнамайды екен. Үшіншіден, команда басшыларына Неймардың әкесінің қарым-қатынасы жақпай қалған. Осы үш фактор «ПСЖ» басшыларының жүйкесіне ши жүгірткен. Сондай-ақ, еурокубоктық жарыстарда бразилиялық футболшының ойдағыдай ойын өрнегін көрсете алмағаны да жығылғанға жұдырық болып тұр.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                