Әлем • 10 Наурыз, 2022

Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея Республикасында оппозиция партиясының кандидаты Юн Сок Ёл президенттік сайлауда жеңіске жетті. Бұл туралы бейсенбі күні Кореяның Орталық сайлау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланды

Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинады, ал оның негізгі қарсыласы биліктегі «Тобуро» демократия партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён 47,83 % дауыс жинап, жеңіске жете алмай қалды. Президенттік жарыста үшінші болған Сим Сан Чжон сайлаушылардың 2,37% дауысын жинаған.

Ұлттық жиналыста сөз сөйлеген жаңа президент өзінің негізгі мақсатының ел азаматтарының бірлігін нығайту екенін атап айтып, жақтастарына алғыс білдірді. Юн Сок Ёль оппозициямен бірге халыққа қызмет ететінін жеткізді. Ол өзінің жеңісін «ұлы адамдардың жеңісі» деп атады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35