Қоғам • 03 Наурыз, 2022

Бас прокурор қаңтар оқиғасында қаза тапқандар туралы пікір білдірді

2892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін тағайындалған Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокурор қаңтар оқиғасында қаза тапқандар туралы пікір білдірді

«Ол тізім міндетті түрде жарияланады, сіздер міндетті түрде қатысасыздар. Бірақ қашан екенін қазір айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр», деп жауап берді Асылов БАҚ өкілдеріне.

Бұған дейін Берік Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалғаны хабарланды.