
54 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Дина Жоламан байрақты бәсекенің күміс жүлдегері атанды. Финалға дейінгі қарсыластарынан айласын асырып келген ол соңғы жекпе-жекте шаршы алаң қожайыны Станимира Петроваға қарсы рингке көтерілді. Жекпе-жек қорытындысында болгариялық боксшы жеңімпаз атанып, отандасымыз күміс жүлдеге қол жеткізді.