«Техникалық себептер бойынша KASE қор нарығында сауда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.00-ге ауыстырылды. Уақытың өзгеруі KASE сауда-клиринг жүйесі жұмысындағы техникалық іркіліске байланысты. KASE нарық қатысушыларынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», делінген хабарламада.
KASE-тің басқа нарықтарында сауда-саттық штаттық режимде өткізіледі.