Аймақтар • 23 Ақпан, 2022

Қаңтар оқиғасы кезінде мыңнан астам арнайы құрал ұрланған

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қаңтар айында жаппай тәртіпсіздік кезінде мыңнан астам арнайы құрал ұрланған. Бұл туралы онлайн-брифингте Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғасы кезінде мыңнан астам арнайы құрал ұрланған

«Облыстық әкімдік ғимаратын күштеп басып алған кезде тәртіпсіздікке қатысқан полиция қызметкерлерінен тоғыз дана атыс қаруы тәркіленді. Бүгінгі таңда олардың тек төртеуі табылды. Сондай-ақ тәртіпсіздікке қатысушылар мыңнан астам қалқандарды және басқа да арнайы құралдарды заңсыз иемденді. Бүгінгі таңда 52 адам табылды, қалғандарын іздеу жалғасуда. Сондықтан тұрғындарды ұрланған қаруды полицияға тапсыруға шақырамын. Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар заң бойынша қудаланбайды», деді Абзал Гилим.