Хоккей • 21 Ақпан, 2022

«Барыс» бүгін «Спартак» командасымен жолдастық кездесу өткізеді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында бүгін ресейлік «Спартак» (Мәскеу) командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» бүгін «Спартак» командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Аталған ойын Мәскеу қаласындағы «Лужники» аренасында болады. Басталуы - елорда уақытымен 16:00. Кездесу жанкүйерсіз өткізіледі.

Бұдан кейін қазақстандық клубты Ресей астанасында мәскеулік «Динамоға» қарсы екі ойын күтіп тұр.

Аталған кездесулер 22 және 24 ақпанға белгіленген. Еске салсақ, Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады.