Коронавирус • 18 Ақпан, 2022

БҚО «жасыл» аймаққа шықты

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО «жасыл» аймаққа шықты

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше, 17 ақпанда «қызыл» аймақта тұрған Ақмола, Қостанай облыстары «сары» аймаққа өтті.