Қазақстан • 17 Ақпан, 2022

Қазақстан Қырғызстанға өтеусіз әскери көмек көрсетеді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Қырғызстанға өтеусіз әскери көмек көрсетеді

«Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан тарапы Қырғыз тарапына әскери мүлікті өтеусіз беру түрінде әскери-техникалық жәрдем көрсетеді», делінген құжатта.

Бұл ретте әскери мүліктің атаулары мен көлемдерін келісімге қол қойылғаннан кейін екі ай мерзімде тараптардың уәкілетті органдары дипломатиялық арналар арқылы келісетіні көрсетіледі.

«Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті тек осы келісімнің мақсаттары үшін пайдаланады, үшінші тарапқа бермейді және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге қарсы пайдаланбайды», делінген құжатта.

Заң жобасы 3 наурызға дейін «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылған.