Қоғам • 17 Ақпан, 2022

1,8 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдайы бойынша 1 820 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1,8 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (73,5%) Өзбекстаннан, 11,8% – Қытайдан, 3,7% – Түрікменстаннан, 3,1% – Моңғолиядан және 8,1% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (15,7%), Түркістан (14,0%) және Жамбыл (6,6%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,4%), Нұр-Сұлтан (7,4%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 15,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 12%-ы жоғары білімді, 39,8%-ы орта кәсіби білімді, 47,1%-ы жалпы орта білімді және 1,1%-ының білімі жоқ.