
30 жасар бразилиялық футболшы өткен жылдың 28 қаңтарында алған жарақатынан кейін жасыл алаңға шыққан жоқ. Ол соңғы рет Франция чемпионатының 15 турында «Сент-Этьен» футбол клубына қарсы кездесуде ойнаған еді. Аталмыш кездесуде париждік ұжым 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Ұзақ уақыт бойы жарақатын емдеген футболшы енді алаңға шығуға дайын.