
Сергей Морозов АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін UFC 271 турнирінде бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен кездеседі. Бүгін екі спортшы салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, көз түйістірді. Отандасымыз UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы шығып, қарсыласына жеңілген болатын. Ал екінші кездесуінде ол германиялық Халид Таханы ұпай санымен жеңген еді.