Қазақстан • 10 Ақпан, 2022

Путин Тоқаевтың қаңтар оқиғалар кезіндегі берік ұстанымы жайлы айтты

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстандағы қаңтар айындағы оқиғалар жайлы өз пікірін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Путин Тоқаевтың қаңтар оқиғалар кезіндегі берік ұстанымы жайлы айтты

«Бұл Қазақстанда орын алған қаңтар оқиғаларынан кейінгі бірінші көзбе-көз кездесу. Шын мәнінде, Қазақстан ішкі және сыртқы деструктивті күштердің тікелей қатысуымен жасалған террористік агрессия актісіне тап болды», деді Владимир Путин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі баспасөз барысында.

РФ басшысы Президент Тоқаевтың нық ұстанымының және Ресейдің, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының барлық одақтастарының табанды қолдауының арқасында ең қысқа мерзімде жағдайды бақылауға алуға, заңды, тәртіпті қалпына келтіруге, Қазақстан жеріне бейбітшілік пен тыныштықты қайтаруға қол жеткізілгенін атап өтті.

«Бұл ретте ҰҚШҰ туындаған қауіп-қатерлерге тиімді әрекет ету, қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғау үшін бітімгершілік күштерді жедел іске қосу қабілетін айқын көрсетті»,  деп түйіндеді В. Путин.