Футбол • 10 Ақпан, 2022

«ПСЖ» бар қаражатын жалақыға жұмсайды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франциялық «ПСЖ» футбол клубын футболшылардың жалақысына қанша қаржы жұмсайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

«ПСЖ» бар қаражатын жалақыға жұмсайды

Париждік команданың жалақы туралы есебі 629 миллион еуроны құраған. Оған қосымша аударымдар ретінде тағы 136 миллион еуро қосылады. Бір сөзбен айтқанда «ПСЖ»-ның жалақыға жұмсайтын қаражаты Еуропа клубтарының арасындағы ең жоғары көрсеткіш екен. Сондай-ақ бірінші лигада бақ сынайтын барлық команданың жалақыға бөлетін қаржысының 37 пайызы париждік команданың үлесінде.