Әлем • 09 Ақпан, 2022

Украинаның бейбіт тұрғындары алаңдаулы

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ бұқаралық ақпараттар құралдарының мәлімдеуі бойынша, Ресей Украинаға қауіп төндіруде, деп хабарлайды Egemen.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

Украинаның бейбіт тұрғындары алаңдаулы

Бұл жағымсыз жаңалықты ескермей отыра алмаған жауынгер – ерікті Дмитрий Дубас, сол жағдайға байланысты өз пікірін білдірді. «Өткен аптада елімнің тағдырын уайымдағаным соншалық, психологтың алдына көмек сұрап бардым» - дейді, Дмитрий.

Бірнеше айлар бойы Украинаның батыс одақтастары Ресей әскерлерінің шекараға жиналып жатқаны туралы хабарлауда. Бұл жағдайды естіген шетелдік әскери қызметкерлер Владимир Путиннің әскерлері Киевке қалай шабуыл жасайтынын болжайтын сызбалар мен көптеген карталар әзілдеуді бастап кетті.    

«Ресей бірнеше күн ішінде шекараға әскерлерді жіберіп, қаламызды басып кіріп алады, сондықтан да қазір жасап жатқан ішкі қорғанысымыз бекер емес», - дейді Дмитрий.

Тіпті зейнеткерлер де Киев маңындағы орманда соғысқа дайындық жаттығуларын үйренуде.

Жансая Рысбек,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.