Қоғам • 08 Ақпан, 2022

«Самұрық-Қазына» 55 қызметкерін жұмыстан шығарды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» жұмысшылары полиграфта тексеру арқылы іріктелмек. Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев осындай жоспарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» 55 қызметкерін жұмыстан шығарды

«Біз сатып алу мәселесіне жетекшілік ететін басшыларды атқаратын лауазымдарынан босату бойынша күрделі шаралар жүргіздік. 55 адам босатылды, заңнамаға сәйкес бұл жұмыс жалғасып жатыр», деді Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ ол қор қызметкерлерінің арасындағы жемқорлықты жою бағытында қандай жоспары бар екенін ашып айтты.

«Сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін табиғи жолмен азайтуға жол ашатын персоналды іріктеу және жалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, барлық үміткерлердің лауазымға сәйкестігін айқындау, психологиялық профайлинг, қызметкерлердің жыл сайынғы ротациясы, полиграфта тексеру жүргізіледі», деді қордың басқарма төрағасы.