
«Геннадий Головкин The Ring басылымының белдігін жеңіп алмағанына қарамастан, ол 2010 жылдарда орта салмақтың шын үздігі болды. Үш бірдей белдіктің иегері атанды. 23 жекпе-жекті қатарынан жедел жеңгенін жанкүйерлер қатты бағалады. Ол Серхио Мартинес, Мигель Котто, Сауль Альварес секілді боксшылармен жекпе-жек өткізуге нөмірі бірінші үміткер болғаны рас. The Ring басылымының белдігі үшін өткен бірінші шайқасы дау туғызған тең есеппен аяқталды. Жалпы ол өзін дәлелдей білген боксшы», делінген автордың жазбасында.