Теннис • 07 Ақпан, 2022

Александр Бублик әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасымен кездеседі

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Голландияның Роттердамында жүлде қоры бір миллион еуродан асатын ABN Amro World Tennis ірі халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасымен кездеседі

Аталған жарыстарға қатысушылардың қатарына 6 ақпанда ATP 250 – Open Sud de France Француз турнирінің чемпионы атанған қазақстандық теннисші Александр Бублик те қатысады.

Қазақстанның үздік теннисшісі ATP жаңа рейтингінде Топ-30-ға жақындап, қазір 31-ші орында тұр, бұл оның жеке рекорды болып табылады. Оның үстінде аты аңызға айналған Роджер Федерер тұр.

Роттердамдағы турнирдің басында Александр Бублик Үлкен дулыға жарысының үш дүркін жеңімпазы британдық Энди Марреймен кездеседі.

Бірнеше күн ішінде әлемнің екі жетекші теннисшісі – Даниил Медведев (әлемнің екінші ракеткасы) және итальяндық Янник Синнер (әлемнің 10-ракеткасы) Голландия хартына қатысудан бас тартты.