Қоғам • 07 Ақпан, 2022

31 мыңнан аса қазақстандық қаржы пирамидаларына алданған

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов  айтты, деп жазады Egemen.kz.

31 мыңнан аса қазақстандық қаржы пирамидаларына алданған

«Азаматтардың ақшалай қаражаты мен мүлкін заңсыз иелену мақсатында құрылған қаржы пирамидалары, соңғы жылдары кең таралған қылмыс түріне жатады. Қаржы пирамидаларының көбеюіне жәбірленушілер санының күрт өсуі әсер етті. Ал олардан келген жалпы залалдың мөлшері миллиардтарды құрады. Бүгінде 31 мыңнан астам қазақстандық қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Шығын көлемі 54 млрд теңгеден асып түседі»,  деді Санжар Әділов.