Экономика • 03 Ақпан, 2022

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан басталады? Министр жауабы

4247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан басталады? Министр жауабы

«АЭС салу - өте күрделі мәселе, сондықтан саламыз ба, жоқ па ешқандай шешім жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімде әртүрлі мәселелер қаралады. Бүгінде «жасыл» саясат жүргізіліп жатқандықтан, күн тәртібінде шектеулер тұр. Біз көмір өндіруді кеңейте алмай отырғанымызды білесіздер, өйткені ол экологиялық таза емес», деді Болат Ақшолақов ОҚК онлайн брифингінде.

Сонымен қатар, министр генерацияға арналған өтпелі отын ретіндегі газ таза екенін, бірақ оның қоры шектеулі екенін айтты.

«Сондықтан біз әртүрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Атом электр станциялары – қарастыруға болатын нұсқалардың бірі ғана. Бірақ бұл мәселе өте нәзік, ол бірінші кезекте қоғамды тарта отырып, барынша зерттеуді қажет етеді. Әзірге Қазақстанның қандай да бір учаскесінде станция салу бойынша нақты шешімдер жоқ», деді министр.