Қоғам • 03 Ақпан, 2022

Қазақстанда былтыр 111 миллион тонна көмір өндірілді

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің көмір өндіруші кәсіпорындары көмір концентратын есептемегенде өткен жылы 111,7 млн тонна көмір өндірді. 2020-жылмен салыстырғанда өсім 2% құрады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда былтыр 111 миллион тонна көмір өндірілді

Энергия өндіруші кәсіпорындарға 59,3 млн тонна (2020-жылмен салыстырғанда +0,8%), өнеркәсіп кәсіпорындарына 6,8 млн тонна (+21,4%) жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,7 млн тонна тиелді. Бұл арғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,9% көп.

ҚР ИИДМ жылу беру маусымы алдында жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде 2021-2022-жылдарға арнап коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмірге қажеттілік жоспарын құрды.