Әлем • 02 Ақпан, 2022

Катар АҚШ-тың одақтасына айналды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда Катар Америка Құрама Штаттарының одақтасы болу жолында жүр. Бұл Катардың Вашингтонның жаһандық мәселелерді шешудегі маңыздылығын түсінгенін нақтылай түссе керек, деп жазады Egemen.kz.

Катар АҚШ-тың одақтасына айналды

Әмір шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Ақ үйге ат басын бұрған Парсы шығанағындағы араб елдерінің алғашқы көшбасшысы болды.

2017-жылдың маусымында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Бахрейн Дохамен дипломатиялық және экономикалық байланыстарды үзіп, оны исламдық топтармен бірлесіп, қастандық жасады деп айыптаған болатын. Бірақ Катар ебін тауып, жаңа жолға түсті. Бұл Кувейт пен Бахрейннен кейінгі НАТО-ға кірмейтін, Парсы шығанағындағы АҚШ-тың одақтасы саналатын үшінші ел болып отыр.  

Асель Жигитова, 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.