Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

Кәсіпкерлердің 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр

3163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте салық және кеден саласындағы жемқорлықты жою мәселелеріне де арнайы тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіпкерлердің 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр

Соның ішінде Қытаймен өзара сауда-саттық туралы екі елдің статистикалық мәліметтері екі түрлі екенін, олардың арасында миллиардтаған доллар айырмашылық бар екенін айтты.

«Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 миллиард долларға жетті. Мұндай үлкен айырмашылық қалай пайда болғанын ешкім түсіндіріп бере алмайды. Ашығын айтқанда, бұл – контрабанда. Келеңсіздіктің бар екенін кәсіпкерлер де растап отыр. Сауалнамаға қарасақ, шетелмен сауда жасайтын адамдардың 90 пайызы жемқорлықпен бетпе-бет келген. Оның ішінде 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы үш көліктік бақылау бекетін жемқорлық әбден жайлағанын анықтады. Елімізде мұндай 49 бекет бар. Кеден және көліктік бақылау саласындағы парақорлық транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.