Елорда • 01 Ақпан, 2022

Елордада жеңілдетілген астық алу үшін өтінімдер қабылдау басталды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ұн тарту кәсіпорындарынан жеңілдетілген астық алу үшін өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жеңілдетілген астық алу үшін өтінімдер қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 1-сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-дан жеңілдетілген астық алу үшін елорданың ұн тарту кәсіпорындарынан өтінімдер қабылдауды бастайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-ге мынадай құжаттар тапсыруы тиіс:

- заңды тұлғаның жарғылық құжаттарының көшірмелері;

- жеке немесе жалға алынған қоймалар мен элеваторлардың болуы, сақтау және қайта өңдеу көлемі туралы құжат;

- мекенжай бойынша берешектің бар/жоқ екені туралы банктен анықтама:

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Бейбітшілік көшесі 11, №113 кабинет, байланыс телефоны: +7 (7172) 550141.