Президент • 27 Қаңтар, 2022

Үндістан мен Орталық Азия елдері арасында тауар айналымы 3 млрд долларға жетті

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан мен Орталық Азия елдері арасында тауар айналымы 3 млрд долларға жетті. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістан мен Орталық Азия елдері арасында тауар айналымы 3 млрд долларға жетті

«2020 жылы Орталық Азия мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 3 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте сауда-саттықтағы Қазақстанның негізгі үлесі 80 пайызды құрады. Дегенмен, қазіргі көрсеткіштер біздің жиынтық экономикалық әлеуетімізге әлі де сәйкес келмей отыр. Меніңше, «Үндістан – Орталық Азия» саммиті сынды мұндай диалог алаңының жұмысы елдеріміздің кезең-кезеңімен дамуы үшін, жаңа сын-тегеуіріндер мен қатерлерге тиімді жауап әзірлеу үшін іс жүзінде пайдасы бар», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев «Үндістан – Орталық Азия» саммиті барысында.

ҚР Президенті пікір алмасудың осындай бірегей форматы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға сеп болатындығын баса айтты.