Қоғам • 27 Қаңтар, 2022

Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, әсіресе жекеменшік балабақшалар қызметінің сапасы жақсарады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына өзгерістер енгіземіз. Оның ішінде білікті педагогтермен қамтамасыз етіп, қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау үшін, мемлекеттік тапсырыс қаражатын мақсатты жұмсау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында талаптарды күшейтеміз», деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ бірінші вице-министр балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құру жоспарланғанын атап өтті.

«Балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуын және кезектің қайталанбауын қамтамасыз етеді», деді Шолпан Каринова