Оқиға • 24 Қаңтар, 2022

Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілер қоймасы табылды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілер қоймасы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілер қоймасы табылды

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлім етті.

Құпия орын Шаңырақ ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астына салынған. Онда тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаған.

«Тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық және т.б. табылды.

Айғақты заттар тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігімен және ҚР ҚК-нің 291 бабы 1 бөлігімен тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Әбілбековтың айтуынша, ұсталғандар арсенал табылған жалдамалы үйде бірге тұрған. Олардың жасы 27, 35, 39-да.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37