
«Егер «Канело» бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC чемпионы Илунго Макабумен кездеспесе, екінші орта салмақтағы жорығын жалғастыра беруіне болады. Өзіне тиесілі төрт белбеуді қатардағы қарсыластарға қарсы жекпе-жектерде қорғаса оған ешкім қой демейді. Өйткені оны жеңіл жекпе-жектер күтіп тұр. Табысы да мол болады. Бірақ Джон Райдер, Зак Паркер, Айдос Ербосынұлы, Евгений Шведенко секілді қарсыластармен өтетін шайқастар оған абырой әпермейді», дейді сарапшы.