
«Геннадий Головкинге қарсы өтетін жекпе-жек уақыты карантиндік шектеулерге байланысты кейінге шегерілген кезде жүрегіме кәдімгідей салмақ түсті. Тіпті жаттығу залына барғым келмей, кежегем кейін тартқан уақыттар да болды. Әйткенмен, өз-өзіме келіп, жаттығуды бастадым. Қазір дайындық жұмыстары ойдағыдай жүріп жатыр», деді жапониялық боксшы ойын түйіндеп.