Коронавирус • 19 Қаңтар, 2022

Шығыста шектеулер енгізілді

255 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алдыңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының 213 жағдайы тіркеліп, «қызыл» аймаққа» енді. Өңірдегі ахуалға байланысты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алиннің қатысуымен баспасөз конференция­сы өтті.

Шығыста шектеулер енгізілді

17 қаңтарда өңірдің бас са­нитарлық дәрігерінің кезекті қаулысы шықты. Облыстың «қы­зыл аймаққа» өтуіне бай­ланыс­ты осы күннен бас­тап, облыстың білім беру объек­тілері өз қызметін жаңа жұмыс режімінде жалғастыра­тын бола­ды. Санитарлық-эпидемиоло­гиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ға­лым­бек Алиннің айтуынша, вак­­циналаудың толық курсын аяқтаған 9, 11-сыныптар – штат­­тық форматта, ал қал­ған оқушылар қашықтан оқы­­­туға көшіріледі. Сыныпта коро­на­вирустың бір жағ­дайы тіркелсе, сынып түгел­дей 14 күн үй каран­тиніне оқшауланады.

– Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін аралас оқу форматы бекітілген. Яғни дәрістер онлайн форматта, ал тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режімде жүргізіледі. Оқу орны әкімшілігінің шешімі бойынша вакциналаудың толық курсын аяқтаған студенттерді штаттық режімде оқытуға рұқсат беріледі, – дейді Ғ.Алин.

Енгізілген шектеулер ел­дегі және облыстағы эпиде­мия­лық жағдайды тұрақтан­дыруға, ау­ру­лар санын азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталғаны белгілі.

Сөйтіп, Ashyq жобасына қарамастан бірқатар нысанның қызметіне тыйым салынды. Атап айтсақ, 20 қаңтардан бастап, концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметі тоқтатылды. Діни нысандарда, ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Соны­мен қатар конференция, семинар, көрме, форум өткізуге де бол­май­ды. Түнгі клубтардың қыз­меті де тоқтайды. Ал жеке кез­­десулерге келер болсақ, вак­ци­наланған 10 адамға дейін рұқ­сат берілген. Ashyq жобасында «жасыл» мәр­тебесі бар азаматтар спорттық-сауық­­тыру орталықтарына, фит­­­­нес-орта­лықтарға, йога-орта­­­лықтарға, моншаларға, сау­на­ларға, бассейндерге кіре ала­ды.

Індеттің таралуына тосқауыл болу үшін облыстағы «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» автожолдарына 4 санитарлық бе­кет қойылатыны хабарланды. Бұл шара облыстың бас мем­ле­кет­тік санитарлық дәрігері жа­рия­­лаған қаулы бойынша іске асы­рылады. Қаулыда «Бас мем­ле­кеттік санитарлық дәрі­ге­рінің қаулысымен бекітілген «Мем­лекет­тік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен темір жол, теңіз, өзен көлігінде және авто­­­өтпе жол­дарында келетін адам­дарға қа­тысты шектеу шараларына сәй­кес Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Май­­­қап­ша­ғай» (Бородулиха, Зай­сан, Ше­монаиха, Үржар аудан­дары бойынша 1 бір­лік­тен) өт­кізу пунктерінде 4 са­нита­р­­лық бекет­тің жұмыс істеуін қам­­­­­та­масыз етсін» деп жазылған.

Айта кетсек, қаулы 2022 жыл­­­­ғы 17 қаңтардан бастап кү­ші­не енеді және оның ресми кү­ші жойылғанға дейін қолданы­лады. «Қызыл ай­мақ» бойынша көздел­ген нысан­дардың қыз­метін шек­теу шаралары 2022 жылғы 20 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында қолданыла бастайды.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025