Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022

Ел игілігіне инженерлер қызмет етеді

457 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде нақты міндеттер қоя отырып, техникалық білім беруге де баса назар аудару керектігін айтқан.

Ел игілігіне инженерлер қызмет етеді

Осы орайда Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Жасұлан Шаймарданов Мемлекет басшысының жасаған мәлімдемесіне қатысты өз пікірін білдірді.

– Еліміз үшін бұл да бір сын сағат болды. Көпшілік Мемлекет басшысын ҰҚШҰ әскерлерін елге енгізу туралы шешім қабылдағанына оң қабақ таныта қоймады. Бірақ, осы қадам жағдайды бақылауға алып, өңірлер мен ірі қалалардағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді, – деп Президентті қолдайтынын жеткізді Ж.Шаймарданов. – Білім беру саласына қатысты айтқан ойлары да өте орынды. Әсіресе техникалық білім беруді нығайта түсу керек дегеніне елең ете қалдық. Халық тығыз орналасқан өңірлер үшін грант мөлшерін ұлғайту керек деді. Ол дегеніміз, азаматтардың білімге деген ұмтылысын арттырады. Мұғалімдер тапшы өңірлерге үздік педагогтарды тарту керектігін де баса айтты. Шынында да, қазір біз мектеп оқушыларының физика-математикалық дайындығы нашар екенін сеземіз. Техникалық білім берудің басымдығы сол, Президент айтқандай, өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын өсіру, – дейді ректор.Е

Қалай десек те, елдің экономикасы, әлеуеті, өндірісі дамуы үшін технократ мамандар ауадай қажет. Онсыз еліміздің ілгерілеуі екіталай. Ал техникалық университет сол бағытта жұмыс істеп келе жатқан облыстағы іргелі оқу орын. Президент Қ.Тоқаевтың айтуынша, жақын арада Ресейдің озық техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашу жоспарлануда. 2025 жылға қарай Қазақстанда беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашуды көздеп отыр. Оның екі филиалы техникалық бағытта.

– Бұған дейін Республикада жасақталған делегациямыз Ресей Федерациясының үздік техникалық университеттерінде болып қайтқаны туралы жазған едік. Онда Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық әріптестіктің түрлі аспектілерін талқылап, өзара іс-қимыл жолдарын белгіледік, белгіленген жоспарлар бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдадық. Ресей университеттері инженерлік кадрларды даярлауға көмектесуге дайын. Айтар болсам, біздің жоғары оқу орнымыз Мәскеу инженерлік-физикалық институты, Ұлттық ядролық зерттеу университетімен бірнеше жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. 2017 жылдан бастап біздің студенттер ЖОО базасында практикадан өтеді, – деп бұрын да атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Енді Президенттің ұсынысынан кейін техникалық университет жұмысы қайта серпіліп, тың жобаларды қолға алады, жаңа бағытта жұмыс істей бастайды. Кәсіби кадрларды дайындап, ел әлеуетінің артуына едәуір септігін тигізері де анық.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025