Спорт • 13 Қаңтар, 2022

ҚХЛ: «Барыстың» кезекті матчы кейінге қалдырылды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Барыстың» «Витязь» командасымен кезекті ойыны өтпейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: «Барыстың» кезекті матчы кейінге қалдырылды

Матчтың тоқтатылуына «Витязь» командасының 4 спортшысынан ПТР тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталуы себеп болған. Вирустың таралуын болдырмас үшін 13 қаңтарға белгіленген ойын өтпейтін болды. Қашан өтетіні кейін хабарланады. 

Айта кетсек, елордалықтар 48 ұпаймен Шығыс конференциясында бұрынғысынша сегізінші орында келеді. 

«Витязь» 43 ұпаймен Батыс тобында 10-сатыда тұр. Аталмыш клуб қатарынан төрт ойында жеңіліс тапты. Соңғы бәсекеде «Северстальға» овертаймда 2:3 есебімен есе жіберді. Юрий Михайлистің шәкірттері жаңа жылда үш рет қатарынан жеңіске қол жеткізді.