Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022

Қызмет барысында екі әскери қызметкер қаза тапты

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбылдағы тәртіпсіздікке қатысушыларды іздеу барысында екі әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызмет барысында екі әскери қызметкер қаза тапты

«2022 жылғы 10 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің учаскесінде тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасағандарды іздестіру бойынша жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының әскери қызметшілері: капитан Ерзат Кинаятолданович Карменов пен келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Шавкат Шатликович Армидинов көлік апатына ұшырап, қаза тапты», деп жазылған ҰҚК таратқан хабарламада.

12 қаңтар күні Өскемен қаласында капитан Е.Карменовты соңғы сапарға шығарып салды. Қатардағы жауынгер Ш.Армидиновты Алматы облысының Үлкен Дихан ауылында жерледі.

Қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне ҰҚК Шекара қызметінің ШҚО және Алматы облысы бойынша департаменттерінің басшылары, шекарашы-ардагерлер, әріптестері мен жақындары қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025