
Айтулы аламанның жетінші ракеткасы ретінде бақ сынап жатқан отандасымыз чехиялық Мария Боузковаға қарсы кортқа шықты. Ол бірінші сетте қарсыласын 6:3 есебімен жеңсе, екінші сетті 6:4 есебімен жапты. Чехиялық спортшыны 2:0 есебімен ұтқан Елена Рыбакина енді жартылай финалға жолдама алу үшін Мария Саккари және Шелби Роджерс жұбының жеңімпазымен кездеседі.