Экономика • 29 Желтоқсан, 2021

Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары биыл 1 триллион теңгеден асты

4630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтардың зейнетақы жарналарының мөлшері абсолют рекордқа жетіп, 11 айда алғаш рет 1 триллион теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары биыл 1 триллион теңгеден асты

БЖЗҚ мәліметінше, 1 желтоқсанға қарай қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының мөлшері 13,4 триллион теңгеге жетті. Адамдар тұрғын үй сатып алуға, денсаулығын жақсартуға қаражаттың бір бөлігін алғанына қарамастан, бір жыл ішінде бұл сома 5 пайызға, 648 миллиардқа өсіп отыр.

Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жарналары өткен жылдардың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алғаш рет 1 триллион теңгеден асып, рекорд орнатты. Бір жыл ішінде жарналар сомасы 24 пайызға артты, бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Сарапшылар зейнетақы жарналары барлық бағыт бойынша өсіп жатқанын айтады. Мәселен, осы 11 айда міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша 1,1 триллион теңге түскен (бір жылдағы өсім 24 пайыз). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша 50,4 миллиард (бір жылдағы өсім - 18 пайыз) түскен. Сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) көлемінің бір жылда бірден 38 пайызға, 660 миллион теңгеге дейін айтарлықтай өсуі байқалады.

1 қаңтар мен 1 желтоқсан аралығында зейнетақы жарналарынан түсетін инвестициялық табыс 1,3 триллион теңге болды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 210 миллиард теңгеге артық. Қазақстан Ұлттық банкі басқаратын БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 7,8 пайыз, инфляциямен 11 пайыз болды.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025