Парламент • 29 Желтоқсан, 2021

Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

5020 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

«Тілеухан Бекболат Қанайұлы өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Конституция бабына сәйкес, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берілуіне байланысты ұсыныс енгізеді», деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

Сондай-ақ, Бекболат Тілеухан депутаттық қызметтен кетуін түсіндіріп, жаңа қызметін айтты.

«Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес», дейді ол.

Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалғанын да айтты.

«Мен сияқты адамдар бос жүре алмайды. Сонымен қатар, бұған дейін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Ердоған мырзаның Орталық Азия этноспорт комитетін басқаруына ұсыныс келіп түсті. Қазір мені Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті етіп тағайындады. Бізде белгілі бір келісімдер бар, мен біртіндеп соған өтемін», деді ол.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025