Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021

«Отбасы банктың» статусы өзгереді

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Отбасы банк» АҚ ұлттық даму институтына айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отбасы банктың» статусы өзгереді

Бұл туралы 28 желтоқсанда, сейсенбіде ҚР Үкіметі отырысында «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасы Айдар Әріпханов мәлімдеді.

Холдинг басшысы тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында «Отбасы банк» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын мәлімдеді. 

«Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесі бар банкке өзгерту жоспарланып отыр», деді Айдар Әріпханов.

Оның айтуынша, «Отбасы банк» облыс әкімдерімен бірлесіп банк құралдары аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз, сыйақы мөлшерлемесі 2-5 пайыз болатын жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлейді. Өнімді құрудың жоспарланған уақыты 2022 жылдың 1 тоқсаны.

Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бағыты бойынша бүгінгі таңда 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,1 триллион теңгеге 73 мың жеңілдетілген несие беріліп, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 150 миллиард теңге сомасына 13,6 мың қарыз берілген.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025