
«Энтони Джошуа мені нокаутқа түсіргісі келетін шығар. Ол жағы өзіне ғана мәлім. Мен оның дайындығына бас ауыртпаймын. Александр Усик кез келген жекпе-жекке тас түйін дайын. Ол дайындық барысында бірқатар өзгерістер енгізуі ықтимал ма? Әбден мүмкін. Әлбетте, ол бәрін өзгертуге тырысады. Алайда мен барлық жағдайға дайынмын», деді украиналық боксшы.