Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2021

Балаларды өрттен құтқарған қостанайлық оқушыны облыс әкімі марапаттайды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай мектептерінің бірінің 5-сынып оқушысы Олег Пирог Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің атынан марапатталады. Бұл туралы аймақ басшысы бүгін Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балаларды өрттен құтқарған қостанайлық оқушыны облыс әкімі марапаттайды

«Құрметті достар! 25 желтоқсанда Қостанай қаласындағы «Садовод» саяжайында болған оқыс оқиға туралы бәрі оқыған шығар. Бесінші сынып оқушысы Олег Пирог өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман алып қалды. Ертең Олегті ерлігі үшін алғыс айтып, өз қолымнан сертификат пен бағалы сыйлықтар тапсыруға шақырдым», деді әкім өз жазбасында. 

Сондай-ақ облыс әкімі осындай ержүрек, нағыз батырды тәрбиелеген оқушының ата-анасына алғысын білдірді. «Жарайсың, Олег», деп түйіндеді сөзін Архимед Мұхамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда «Садовод» саяжайында 5-сынып оқушысы Олег Пирог төрт баланы өрттен аман алып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025