Елорда • 22 Желтоқсан, 2021

Сирия жөніндегі 17-ші халықаралық кездесу аяқталды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-ші халықаралық кездесу нәтижелі аяқталды. Бұл туралы Астана процесі аясындағы кездесуді қорытындылаған ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Оңталап Оңалбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сирия жөніндегі 17-ші халықаралық кездесу аяқталды

«Бүгін Астана процесі аясында Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-ші халықаралық кездесу нәтижелі аяқталды. Бәріңізге мәлім, Астана процесі 2017 жылдан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асып келе жатыр. Бұл процесс Сирия Араб Республикасының аумағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті», деді ол.

Сонымен қатар Оңталап Оңалбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана процесі қарулы қақтығысты тоқтау мен босқындардың өз еліне қайтып оралуына қолайлы жағдай жасап, тараптардың уағдаластықты сақтауы маңызды екенін атап өткенін еске салды.

«Нәтижесінде Нұр-Сұлтанда өткен келіссөздің 17-раунды осы жүйелі, әрі тиімді жұмыстың жалғасы болды деп нық сеніммен айтуға болады», деді департамент директоры.