Хоккей • 22 Желтоқсан, 2021

Хоккейден құрлықтық кубоктің финалы кейінге шегерілді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық хоккей федерациясы құрлықтық кубоктің финалдық кезеңі көктемге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден құрлықтық кубоктің финалы кейінге шегерілді

Еуропадағы карантин шараларының күшеюіне байланысты, Халықаралық хоккей федерациясы Дания билігімен келісе отырып, турнирді қаңтар айынан наурызға ауыстыру туралы шешім қабылдады. 

Финалдық кезең 4-6 наурыз күндері Ольборгте өтеді. 

Айта кетейік, құрлықтық кубокке Польшаның «Краковия», Беларусьтің «Гомель», Данияның «Ольборг Пайрэтс» және Қазақтанның «Сарыарқа» клубтары қатысады.