Коронавирус • 22 Желтоқсан, 2021

Тамыз айынан бері КВИ жұқтыру 16 есеге төмендеді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Тамыз айынан бері КВИ жұқтыру 16 есеге төмендеді

«Республикада оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 984 079 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 732 жағдайы тіркелді, науқастардың 96%-дан астамы сауығып шықты. 18 852 науқас емдеуді жалғастыруда. Жалпы, Қазақстанда соңғы төрт айда сырқаттану 16 есеге төмендеді», деді Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендеу байқалады және репродуктивтілік саны - 0,9 құрайды.

«Инфекциялық және реанимациялық төсектердің пайдаланылуы 19%-ды көрсетті, соңғы үш айда емдеуді жалғастыратын адамдар саны 4,5 есеге азайды (қыркүйек айындағы 84 268-ден желтоқсан айында 18 852 науқасқа дейін)», деді Ж. Бүркітбаев.