Экономика • 15 Желтоқсан, 2021

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі неліктен қысқарғанын түсіндірді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі неліктен 45-тен 20 күнге дейін қысқарғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі неліктен қысқарғанын түсіндірді

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген Жанат Құрманов аталған мерзімді бекіту «Отбасы банкі» мен басқа да екінші деңгейлі банктер айналысатынын жеткізді.

«БЖЗҚ қызметіне жүгіну мен өзіңнің зейнетақы жинақтарыңды өкілетті операторлардың арнайы шотына аударар алдында қандай баспананы сатып алатынын анықтап қарап, тиісті құжаттарды даярлау керек.

Бұл қаражат инвестициялық айналымнан шығарылады және адамға инвестициялық кіріс әкелмейді. Шын мәнінде айналымдағы жинақ тұралап қалады. Сондықтан арнайы шотта жай жатпас үшін аталған кезеңді қысқартқан тиімді болар еді»,  деді Ж. Құрманов.

Осы орайда ол халықты құжаттарды алдын ала даярлап алып, өзіне керек баспананы айқындап алуға шақырды.

Басқарма төрағасының сөзіне қарағанда, адамдар тиісті дайындық жұмыстарын жүргізсе, Үкімет есептеуі бойынша 20 күн жеткілікті.