Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2021

Мереке қарсаңында коллекциялық монеталар айналымға шығады

558 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Банкі TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке қарсаңында коллекциялық монеталар айналымға шығады

Номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар «Көрнекті оқиғалар мен адамдар» сериясын жалғастыруда.

TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL монеталарының дизайны аса көрнекті тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналасқан тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысты көрсетеді. Композиция визуалды портреттік қатарды бейнелеп, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде айқындайды.

Күмістен жасалған монеталар алтын жалату технологиясын, түрлі-түсті басып шығаруды қолдана отырып жасалған. Интерференциялық иридесцентті жабу технологиясы монеталардың барлық түрлерінде қолданылады. 

Монеталардың бет жағында (аверсінде) номинал, ҚҰБ логотипі және монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу орналасқан. Шетінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC of KAZAKHSTAN деген жазу ойылған.

Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің декоры түрінде орындалған ою-өрнек лентасы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі бейнеленген.

2

по

Монеталарды айналымға шығару күні туралы ақпарат қосымша ҚҰБ ресми сайтында хабарланады.

Монеталар:

  • proof сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 933 грамм (30 Унция), диаметрі 100 мм, номиналы 5 000 теңге, таралымы 300 дана;
  • proof сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, номиналы 500 теңге, таралымы 3 000 дана;
  • салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 100 теңге, таралымы 30 000 (отыз мың) дана, рrоооf-like сапасымен 25 мельхиор МН қорытпасынан жасалған.

Бұл монеталардың барлығы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құны бойынша төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, айырбастау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый қаптамасында шығарылады.