Қоғам • 14 Желтоқсан, 2021

Қазақстандықтарға 357 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша 357 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға 357 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 283,5 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 74 млрд теңге жұмсалды.

2021 жылдың қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,6 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 7,6 млрд теңге бағытталды.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 520,8 мың адамды, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша 161,9 мың адамды құрады.

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне, қайтыс болған асыраушысының асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 желтоқсанда мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 49 198 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 46 050 теңгені құрады.